Материалдарға оралу

Құқық таңдау – өмір таңдауы

Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа - аруана, тайлаққа - атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Мәтін бойынша сөздік

Қазақша сөз/тіркес Орысша аудармасы Қазақша түсіндірмесі
Жеті жарғыСемь УстановленийҚазақ хандығындағы Тәуке хан құрастырған ежелгі заңдар жиынтығы
жарлықуказ, постановлениеХанның ресми бұйрығы немесе қабылданған заң ережесі
құн төлеувыплата куна, кровная ценаҚылмыс жасалғанда өлген адамның орнына төленетін материалдық өтем
хан кеңесіханский советХан жанындағы ақылшы билер мен бас адамдар жиналған басқару органы
ақсүйекзнать, аристократияТектілігі жоғары, төре, қожа сияқты мәртебелі әулет өкілдері
пірдуховный наставникРухани жетекші, діни адам немесе қасиетті тұлға
бүтін құнполный кунАдам өлтірген жағдайда төленетін толық құн мөлшері
жарты құнполовинный кунЖартылай өтем, толық құннан төмен төленетін ақы
ат-тон айыпштраф в виде «лошадь и одежда»Жеңіл айыптың бір түрі: ат және сырт киім құны
кәмелетке жеткен баласовершеннолетний ребенокЕресек жасқа жеткен, заң алдында жауап бере алатын адам
тіл тигізуоскорблять словамиБіреуді сөзбен кемсіту, балағаттау
қалың малкалым, свадебный выкупҚыздың қалыңдығы үшін ер адам тарапынан төленетін дәстүрлі төлем
жесір дауыспор о вдовеҚайтыс болған ердің артында қалған әйелге қатысты дау-талас
ұрыворБіреудің малын немесе мүлкін жасырын ұрлайтын адам
үш тоғызтройной штраф «три девятки»Қымбат бұйымдардан немесе малдан тұратын үш есе айып өлшемі
айыр түйедвугорбый верблюдТүйенің екі өркешті түрі
аруанапородистая верблюдицаТүйенің асыл тұқымды ұрғашысы
атанкастрированный верблюдЖүк көлігі ретінде қолданылатын піштірілген түйе

Практикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Құқық таңдауы деген не?

2. «Жеті жарғының» авторы:

3. Жәңгір ханның ұлы кім?

4. Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін қандай жаза қолданған:

5. Хан кеңесінің шешімі неліктен халықтың өміріне тікелей әсер еткен?

6. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады» қай жарлықта айтылған:

7. Үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе неше құн төледі?

2-тапсырма. Антонимдерді табу

Сөздердің қарсы ұғымын жазыңыз:

3-тапсырма. Шығармашылық тапсырма

* «Құқық таңдауы – өмір таңдауы» тақырыбында өз пікіріңізді жазып, хан болсаңыз, қандай жарлықтар шығарар едіңіз?

* «Құн төлеу» не үшін қажет?

4-тапсырма. «Тұжырымда»

Мәтінді 3–4 сөйлеммен қысқаша мазмұндап жазыңыз.

5-тапсырма. Жеке тәжірибеге қолдану

Сөздерді өз тәжірибеңізге байланысты қолдану:

- «тіл тигізіп сөгіп» → табиғат немесе адамның әрекеті

- «ат тоны алу» → өз сезімдеріңізді сипаттау


Есім ханның ескі жолы – қазақтың құқықтық дәстүрінің бастауы

Есім хан – қазақ халқының тарихында әділдігімен, ақылдылығымен және ел бірлігін сақтаудағы еңбегімен танылған билеуші. Ол шамамен 1598–1628 жылдары Қазақ хандығын басқарған. Бұл кезең қазақ елі үшін қиын да жауапты уақыт болды: ішкі бірлік әлсіреп, сыртқы жаулар күшейген еді. Осындай жағдайда Есім хан елді бір орталыққа бағындыру және әділетті қоғам орнату үшін жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар тарихта «Есім ханның ескі жолы» деп аталды. «Ескі жол» деп аталуының себебі – ол бұрынғы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарына сүйене отырып жасалған. Яғни, Есім хан жаңа заң ойлап тапқан жоқ, керісінше бұрыннан бар ережелерді реттеп, халықтың қажетіне сай жаңартты. Бұл заңдар қоғамдағы тәртіпті нығайтып, адамдар арасындағы дауларды шешудің әділ жолын ұсынды.

Заңдар жинағында мал-мүлік, жер дауы, қылмыс пен жазалау, отбасы және неке қатынастары қамтылған. Мысалы, ұрлық жасаған адам ұрлаған малының он есе құнын қайтаруға тиіс болған. Кісі өлтірген жағдайда «құн» төлеу немесе «қанға-қан» принципі қолданылған. Сондай-ақ, әйел мен ердің теңдігі, қыздың құқығын қорғау мәселелері де қарастырылған.

Есім ханның ескі жолы ел ішіндегі әділдікті, татулықты қамтамасыз етті. Бұл заңдар қазақ қоғамындағы билер сотының қызметін де ретке келтірді. Би шешімдері халық алдында әділ, ашық болуы тиіс еді. Осы арқылы Есім хан ел бірлігін, мемлекеттік тәртіпті күшейтті.

Кейін бұл заңдар Тәуке ханның «Жеті жарғысына» негіз болды. Сол себепті Есім хан қазақ заң жүйесінің дамуына үлкен үлес қосты. «Есім ханның ескі жолы» – қазақ халқының құқықтық мәдениетінің алтын қазығы, әділдік пен бірліктің символы.

Мәтін бойынша сөздік

Қазақша сөз/тіркес Орысша аудармасы Қазақша түсіндірмесі
құқықтық дәстүрправовая традицияХалықтың ертеден келе жатқан заңдары мен құқық нормалары
Есім ханның ескі жолыстарый путь Есима ханаЕсім хан жүйелеген қазақтың дәстүрлі заңдар жинағы
әділдіксправедливостьАдал, тең шешім шығару және дұрыстықты сақтау
ел бірлігіединство народаХалықтың татулықта, ынтымақта өмір сүруі
әдет-ғұрып заңдарыобычное правоХалық арасында қалыптасқан, дәстүрге негізделжен құқық нормалары
дауды шешуразрешение споровАдамдар арасындағы келіспеушілікті реттеу, ортақ шешімге келу
мал-мүлік дауыспор о собственностиМалға немесе мүлікке қатысты дау-талас
жер дауыземельный спорЖерге байланысты туындаған келіспеушілік
құн төлеувыплата кунаКісі өлтірген адамның туыстарына төленетін материалдық өтем
қанға-қанкровная местьКісі өлтіргені үшін жауапкерді өлтіру принципі
теңдікравенствоАдамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің бірдей болуы
қыздың құқығыправа девушкиҚыз баланың отбасылық және қоғамдық құқықтарын қорғау түсінігі
бисудья-бийДау шешуші, әділ төрелік айтатын дәстүрлі билік өкілі
билер сотысуд биевҚазақ қоғамындағы әділ шешім шығаратын сот жүйесі
мемлекеттік тәртіпгосударственный порядокЕл ішіндегі заңдар мен ережелердің сақталу жүйесі
құқықтық мәдениетправовая культураЗаңдарды құрметтеу, құқық нормаларын сақтау дәстүрі
алтын қазықоснова, опораНегіз, тірек, маңызды бастау
символсимволБелгі, мағыналық нышан

Тапсырмалар

1-тапсырма: Жекелей жұмыс. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз:

- Есім хан кім?

- «Ескі жол» деп аталуының себебі?

- Әділдіктің символы неде?

2-тапсырма: Негізгі ойды анықтаңыз

Берілген сөздердің мағынасын ашыңыз. Төмендегі кестені толтырыңыз:

3-тапсырма. Парафраз жасаңыз:

1. Кісі өлтірген жағдайда «құн» төлеу немесе «қанға-қан» принципі қолданылған

2. Би шешімдері халық алдында әділ, ашық болуы тиіс еді.

3. «Есім ханның ескі жолы» – қазақ халқының құқықтық мәдениетінің алтын қазығы, әділдік пен бірліктің символы.

4-тапсырма. Синонимдерді жазыңыз:

5-тапсырма. Ой-толғау

«Әділдіктің символы не?» (10-15 сөйлем жаз)


Есім ханның ескі жолы – халық даналығының көрінісі

Қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі – Есім хан. Ол Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның мұрагері болған. Есім хан билікке келген кезде ел ішінде алауыздық, ру-тайпа арасындағы таластар жиі болып тұрған еді. Осындай қиын кезеңде Есім хан ел ішіндегі бірлікті сақтау үшін «Есім ханның ескі жолы» атты заңдар жинағын енгізді. Бұл заңдар жиынтығы қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріне негізделген. «Ескі жол» атауының мәні де осында – жаңа ережелер бұрынғы дәстүрге сүйеніп, оны жүйелеген. Заңдардың басты мақсаты – ел ішіндегі тәртіпті сақтау, әділдік орнату және дауларды бейбіт жолмен шешу еді.

Есім хан заңдары бойынша әрбір адамның ар-намысы мен абыройы қорғалуға тиіс болды. Ұрлық, кісі өлтіру, зинақорлық сияқты қылмыстарға қатаң жаза қолданылған. Сонымен бірге жер мен мал дауы, қалың мал, мұрагерлік мәселелері де нақты көрсетілген. Бұл заңдардың әділдігі мен тиімділігі халықтың сенімін арттырды.

Есім ханның ескі жолы – тек заң жүйесі емес, халық даналығының көрінісі болды. Ол ел басқаруда әділдік пен бірлік қағидатын ұстанды. Сондықтан да халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» деп құрметтеді. Есім хан енгізген заңдар кейінгі дәуірлерде де өз маңызын жоймады. Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» қабылданғанда, оның негізінде осы ескі жолдың ережелері жатты. Осылайша, Есім хан қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негізін қалаған тұлға ретінде тарихта қалды.

Мәтін бойынша сөздік

Қазақша сөз/тіркес Орысша аудармасы Қазақша түсіндірмесі
Есім ханхан ЕсимҚазақ хандығын басқарған, әділдігімен танылған тарихи тұлға
Ескі жолстарый путьЕсім хан жүйелеген дәстүрлі заңдар жиынтығы
алауыздықразногласие, расприРу-тайпалар арасындағы келіспеушілік, бірліктің болмауы
дауды шешуразрешение споровКеліспеушілікті әділдікпен реттеу
салт-дәстүртрадиции и обычаиХалықтың ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыптары
тәртіп сақтауподдержание порядкаҚоғамдағы заң мен ережелерді орындау
ар-намысчесть и достоинствоАдамның абыройы, қадір-қасиеті
қылмыспреступлениеЗаң бұзу, ауыр теріс әрекет
ұрлықкражаБіреудің мүлкін жасырын ұрлау
кісі өлтіруубийствоАдам өміріне қасақана қию
зинақорлықпрелюбодеяниеНекеден тыс жақын қатынасқа түсу теріс әрекеті
жер дауыземельный спорЖерге қатысты туындаған талас
мал дауыспор о скотеМал-мүлікке байланысты келіспеушілік
қалың малкалым (свадебный выкуп)Қыздың құны ретінде төленетін дәстүрлі сый-сияпат
мұрагерлікнаследованиеӘке-шешеден қалған мүлікті алу тәртібі
әділдіксправедливостьДұрыс, тең, әділетті шешім шығару
бірлікединствоХалықтың татулығы мен ынтымағы
халық даналығынародная мудростьХалық тәжірибесінен туындаған ақыл, өмірлік қағида
еңсегей бойлы ер Есімуважаемый, величавый ЕсимХалық берген құрмет атауы, Есім ханның биік бейнесін білдіреді
құқықтық негізправовая основаМемлекет заңдарының іргетасы, құқық жүйесінің бастауы

Тапсырмалар

1-тапсырма. Антонимдерді жаз:

2-тапсырма. Берілген сөздердің дефиниция беріңіз:

* Қалың мал

* Мал дауы

* Жер дауы

* Заңдар жиынтығы

3-тапсырма. Парафраз жасаңыз:

1. Есім хан билікке келген кезде ел ішінде алауыздық, ру-тайпа арасындағы таластар жиі болып тұрған еді.

2. Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» қабылданғанда, оның негізінде осы ескі жолдың ережелері жатты.

3. Ұрлық, кісі өлтіру, зинақорлық сияқты қылмыстарға қатаң жаза қолданылған.

4. Заңдардың басты мақсаты – ел ішіндегі тәртіпті сақтау, әділдік орнату және дауларды бейбіт жолмен шешу еді

4-тапсырма. Ой-талғау

«Батаменен ел көгереді» тақырыбына 10 сөйлем жаз.

5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма

Әл елдегі білетін қызықты заңдар туралы жазыңыз:

Қорытынды

Құқықтану ғылымымен экспрессивтік стилистиканың консолидациялануы қазақ тілі мен құқықтық мәдениеттің өзара байланысын көрсетеді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» және Есім ханның «Ескі жолы» сияқты тарихи құқықтық ескерткіштер экспрессивтік стилистиканың құралдары арқылы терең құқықтық ой-тұжырымдарды әсерлі жеткізген. Осылайша, құқықтану мен стилистика бір-бірін толықтырып, қазақ халқының құқықтық мәдениетінің дамуына үлес қосады.