Мәдениеттану ғылымымен экспрессивтік стилистиканың консолидациялануы
Тақырып: Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ халқының мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра. Ол халықтың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен тығыз байланысты. Әрбір дәстүр, әрбір әдет халықтың өмір салтын көрсетіп қана қоймай, оның рухани байлығын да паш етеді. Қазақ мәдениетінің ең басты ерекшелігі – қонақжайлық. «Қонақ келсе – құт» деп білген қазақ әрқашан дастарқанын жайып, келген жолаушыны төріне отырғызған. Бұл қасиет қазақ халқының кеңпейілдігін, дарқандығын дәлелдейді.
Салт-дәстүрлер – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бесікке салу, тұсаукесер, беташар сияқты әдет-ғұрыптар ұрпақты тәрбиелеудің ерекше жолы болған. Әр дәстүрдің өзіндік мәні, тәлімдік мазмұны бар.
Өнер де қазақ мәдениетінде ерекше орын алады. Ән мен күй – халықтың жаны, жүрегінің үні. Домбырадан төгілжен күй елдің тарихын, мұңын, қуанышын жеткізген. Жыраулар мен ақындар отты сөздерімен халықты бірлікке шақырған.
Қазақ мәдениетінде үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу – басты қағида. «Атаңды анаңдай сыйла, анаңды арудай сыйла» деген сөз соның айғағы. Бұл мәдениет тек отбасы шеңберінде ғана емес, бүкіл қоғамда көрініс тапқан.
Ұлттық киімдер, ою-өрнектер де мәдениеттің бір бөлігі. Сәукеле мен камзол, шапан мен мәсі – халықтың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын білдіреді. Әр өрнекте, әр кестеде терең мағына бар.
Қазақ мәдениеті табиғатпен етене байланысты. Даланың кеңдігі, таудың асқақтығы, өзен-көлдің тазалығы халықтың ойы мен өнеріне әсер еткен. Қазақтың жырларында, күйлерінде табиғатпен үндестік жиі суреттеледі.
Қазақ халқының мәдениеті – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазына. Оны сақтау – әр қазақтың парызы. Өйткені мәдениет – халықтың жаны. Мәдениеті жоқ ел – болашағы жоқ ел. Ал мәдениеті бай халық – мәңгі жасайды.
Мәтін бойынша сөздік
| № | Қазақша сөз/тіркес | Орысша баламасы | Қазақша түсіндірме |
|---|---|---|---|
| 1 | Мәдениет | культура | Халықтың рухани және материалдық жетістіктерінің жиынтығы |
| 2 | Мұра | наследие | Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құнды дүниелер |
| 3 | Тұрмыс-тіршілік | быт и жизнедеятельность | Халықтың күнделікті өмір салты |
| 4 | Дүниетаным | мировоззрение | Адамның әлемді қабылдау, ойлау жүйесі |
| 5 | Қонақжайлық | гостеприимство | Қонақты құрметтеп қарсы алу дәстүрі |
| 6 | Дәстүр | традиция | Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салттар мен рәсімдер |
| 7 | Әдет-ғұрып | обычаи | Халық арасында қалыптасқан рәсімдер, әдеттер |
| 8 | Бесікке салу | обряд укладывания в люльку | Нәрестені алғаш бесікке бөлеу салты |
| 9 | Тұсаукесер | обряд разрезания пут | Баланың алғашқы қадамына қатысты рәсім |
| 10 | Беташар | свадебный обряд представления невесты | Келінді таныстыру жыры мен дәстүрі |
| 11 | Өнер | искусство | Ән, күй, қолөнер, шығармашылық атауы |
| 12 | Күй | кюй | Домбырамен орындалатын музыкалық шығарма |
| 13 | Жырау | жырау | Эпостарды жырлаған халық ақыны |
| 14 | Құрмет | уважение | Біреуді сыйлау, қадірлеу |
| 15 | Ою-өрнек | орнамент | Киімде, бұйымда қолданылатын әшекейлі өрнектер |
| 16 | Ұлттық киім | национальная одежда | Қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілері |
| 17 | Сәукеле | саукеле | Келіннің сәнді, дәстүрлі бас киімі |
| 18 | Камзол | камзол | Қазақ әйелдерінің жеңіл сырт киімі |
| 19 | Шапан | чапан | Кең, ұзын дәстүрлі сырт киім |
| 20 | Асыл қазына | драгоценное наследие | Бағалы, қадірлі рухани немесе материалдық мұра |
Практикалық тапсырмалар
1-тапсырма. "Төрт сөйлем" әдісін қолдана отырып мәтінді тұжырымдаңыз
2-тапсырма. Сөз мағынасын ашу
Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз:
3-тапсырма. Синонимдерді табу
Мәтіннен берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді табыңыз:
4-тапсырма. Антонимдерді анықтау
Мәтін мазмұнына сүйеніп, сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер жазыңыз:
5-тапсырма. Мәтіндегі негізгі лексикалық өрістерді анықтау
Мәтінді 3 лексикалық топқа бөліңіз:
1. Мәдениетке қатысты сөздер
2. Өнерге қатысты сөздер
3. Салт-дәстүрге қатысты сөздер
6-тапсырма. Диалог құрастыру
Қазақ мәдениеті туралы пікірлескен екі адам арасындағы 5–6 репликалық диалог құрастырыңыз. Диалогта «қонақжайлық», «дәстүр», «өнер» сөздері міндетті түрде қолданылсын.
7-тапсырма. "Бір күнге қазақ даласына саяхат" атты көрініс жазу
Өзіңізді ХVIII–XIX ғасырдағы қазақ ауылына уақыт арқылы саяхаттап барған адам ретінде елестетіңіз. 10-12 сөйлеммен сипаттаңыз.
8-тапсырма. Парафраз жасаңыз
1. Қазақ мәдениетінде үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу – басты қағида.
2. Қазақ мәдениеті табиғатпен етене байланысты.
3. Қазақ халқының мәдениеті – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазына.
Ұлттық киім
Қазақ халқының мәдениеті мен тарихының айнасы
Ұлттық киім
Қазақ халқының ұлттық киімі – халықтың мәдениеті мен тарихының айнасы. Ол ұлттың тұрмыс-тіршілігін, табиғат жағдайын және эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақтың киімдері ерлер, әйелдер және балалар киімі болып бөлінеді. Ер адамдар көбінесе шапан, ішік, тон, жейде, шалбар киген. Әйелдер киімі ерекше сәнділігімен және әсемдігімен ерекшеленеді. Қыз-келіншектер камзол, көйлек, кестелі кимешек пен сәукеле таққан.
Ұлттық киімде көбінесе жібек, барқыт, мақпал, былғары сияқты табиғи материалдар қолданылған. Киімнің әрбір бөлігі белгілі бір мағынаны білдіреді. Мысалы, сәукеле – ұзатылған қыздың жаңа өмірге аяқ басқанын білдіреді. Ал кимешек – аналардың инабаттылығы мен салиқалылығын бейнелейді. Ер адамдардың бөрігі батырлық пен ерліктің нышаны саналған. Қазақ шапаны – сыйлы қонаққа тарту етілетін ең қадірлі сый.
Киімдерге ою-өрнек ерекше мән беріп тігілген. Әр өрнектің өз атауы мен мағынасы бар, мысалы «қошқар мүйіз», «түйе табан». Киімнің түсі де белгілі бір мағынаға ие болған. Ақ түс – тазалық пен пәктіктің, қызыл түс – қуаныш пен өмірдің белгісі.
Қазақтар киім тігу өнерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Киім тігу ісі әйел адамдардың ең маңызды қолөнерінің бірі болған. Тігіншілер киімді адамның жасына, әлеуметтік дәрежесіне және маусымға қарай тіккен. Мысалы, балалар киімдері жеңіл және ыңғайлы етіп жасалған. Қыста жүннен, қой терісінен тігілген жылы киімдер киген. Жазда жұқа матадан тігілген жеңіл киімдер киілген.
Ұлттық киім тек тұрмыстық емес, салт-дәстүрде де маңызды орын алған. Той-думандарда, беташар мен сүннет тойларда ұлттық киім кию әдетке айналған.
Қазіргі кезде ұлттық киімдер заманауи сән үлгісінде қайта жаңғырып келеді. Көптеген дизайнерлер ұлттық нақыштағы киім үлгілерін дүниежүзілік сән көрсетілімдеріне шығарып жүр. Ұлттық киім арқылы қазақ халқының бай мәдени мұрасы танылады. Ол біздің ұлттық рухымызды көтеріп, болмысымызды айқындайды. Әрбір қазақстандық өз ұлтының киімін құрметтеп, мақтан тұтуы қажет. Себебі ұлттық киім – өткен мен бүгінді жалғап тұрған алтын көпір.
Мәтін бойынша сөздік
| № | Қазақша сөз/тіркес | Орысша баламасы | Қазақша түсіндірме |
|---|---|---|---|
| 1 | ұлттық киім | национальная одежда | Белгілі бір ұлтқа тән, салт-дәстүрге сай тігілген дәстүрлі киім үлгілері |
| 2 | ою-өрнек | орнамент | Ұлттық сәндік бейнелер мен нақыш үлгілері |
| 3 | эстетикалық талғам | эстетический вкус | Сұлулықты түсіну және бағалау қабілеті |
| 4 | Қошқар мүйіз | «рог барана» | Қошқардың мүйізіне ұқсас ұлттық ою түрі |
| 5 | «түйе табан» | «верблюжья ступня» | Түйенің ізіне ұқсайтын ою үлгісі |
| 6 | сыйлы қонақ | почётный гость | Қадірлі, құрметті шақырылған адам |
| 7 | қолөнер | ремесло, ручное искусство | Қолмен жасалатын дәстүрлі өнер түрлері |
| 8 | ұлттық рух | национальный дух | Халықтың ішкі жігері, болмысын танытатын қасиет |
| 9 | алтын көпір | золотой мост | Өткен мен бүгінді байланыстыратын маңызды ұғым |
Тапсырмалар
1-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз
2-тапсырма. Терминдердің мағынасын түсіндіріңіз
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз
Сәукеле – қыздың ______ өмірге аяқ басқанын білдіреді.
Киімдерге ______ ерекше мән берілген.
Қазақ шапаны ______ қонаққа тарту етілген.
4-тапсырма. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге атау қойыңыз
5-тапсырма. Мәтін бойынша сөздерді мағынасына қарай топтастырыңыз
1. Мата атаулары:
2. Ою-өрнек түрлері:
3. Әйел адамға арналған киімдер:
4. Ер адамдарға арналған киімдер:
6-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып паремиологиялық қор жинақтаңыз
(мақал-мәтел, тұрақты тіркестер т.б.)
7-тапсырма. Мазмұндық тапсырма
Мәтіннің негізгі ойын 3–4 сөйлеммен жазыңыз.
8-тапсырма. Парафраз жасаңыз
1. Ұлттық киім тек тұрмыстық емес, салт-дәстүрде де маңызды орын алған.
2. Қазақ халқының ұлттық киімі – халықтың мәдениеті мен тарихының айнасы.
3. Ұлттық киім арқылы қазақ халқының бай мәдени мұрасы танылады.
Ұлттық салт-дәстүр және мәдениет
Халықтың рухани бейнесі, ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік тәжірибесі
Ұлттық салт-дәстүр және мәдениет
Ұлттық салт-дәстүр – халықтың рухани бейнесі, ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік тәжірибесі мен мәдениетінің айнасы. Әрбір дәстүр – ата-бабамыздың даналығы, әрбір салт – қоғамның бірлігін сақтаған алтын көпір. Мәдениет арқылы халық өз тарихын, табиғатты, өмір сүру қағидаларын ұрпаққа жеткізеді.
Той мен мерекелерде, үйлену мен туған күндерде, жиналыстар мен қонақжайлылықта көрінетін дәстүрлер – халықтың жүрегінің үні. Оларда тек рәсімдер емес, адамның өмірге деген көзқарасы, махаббаты, сыйластығы, бір-біріне деген құрметі көрініс табады. Әр дәстүр – ұрпаққа рухани сабақ беретін өмір мектебі, әр салт – адамгершілік пен ізгілік жолының белгісі.
Ұлттық мәдениет – тек сыртқы көріністер емес, ол адамның бойына сіңген мінез-құлық, тіл, өнер және әдет-ғұрыптың тұтас жүйесі. Қазақтың күйі мен термесі, ұлттық киімі мен әшекейі, ас мәзірі мен ойындары – бәрі халықтың өзіндік танымын, әлемді қабылдауын, өмірді бағалауын көрсетеді.
Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет ұрпаққа рухани дәнекер болады. Олар арқылы адам өзінің тамырын, ата-бабасынан қалған рухани мұраны, елдік пен ұлтының мәнін сезінеді. Мәдениет – өткен мен бүгінді, дәстүр мен заманауи өмірді байланыстыратын алтын көпір.
Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет – халықтың жан дүниесінің айнасы, рухани құндылықтардың қорғаны. Олар адамға өмірді түсінуді, тарихын қадірлеуді, бір-біріне сыйласты ұстануды үйретеді. Халық өз дәстүрін сақтаған сайын, мәдениеті де мәңгі жасай береді, ұрпаққа даналық пен тәрбие сыйлайды.
Мәтін бойынша сөздік
| Қазақша сөз | Орысша баламасы | Қазақша түсіндірмесі |
|---|---|---|
| салт-дәстүр | обычаи и традиции | Халықтың тұрмысынан, сенімінен, тарихи тәжірибесінен қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен рәсімдер |
| рухани бейне | духовный облик | Халықтың ішкі болмысы, дүниетанымы мен мәдени құндылықтарының жиынтығы |
| мәдениет | культура | Халықтың тілі, өнері, салты, мінез-құлқы және өмір салтының тұтас жүйесі |
| өмірлік тәжірибе | жизненный опыт | Ата-бабадан жалғасып келе жатқан жинақталған білім мен дағдылар |
| алтын көпір | золотой мост | Өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңа өмірді байланыстыратын рухани байланыс |
| көзқарас | взгляд, мировоззрение | Адамның өмірге, құбылыстарға деген бағдары мен түсінігі |
| сыйластық | уважение | Бір-бірін құрметтеу, адамға жылылықпен қарау әрекеті |
| ғұрып | обряд | Белгілі бір рәсім, салт бойынша жасалатын әрекет |
| рухани сабақ | духовный урок | Адамға тәрбие, өнеге беретін құндылықтар тізбегі |
| ізгілік | доброта, благость | Жақсылыққа ұмтылу, адамға жанашырлықпен қарау |
| таным | познание, мировосприятие | Адамның әлемді түсіну қабілеті, қабылдауы |
| рухани мұра | духовное наследие | Ата-бабадан қалған құндылықтар: дәстүр, өнер, салт, тәрбие |
| дәнекер | связующее звено | Бір-бірін байланыстыратын, жалғастырып тұратын нәрсе |
| әдет-ғұрып | обычаи | Халықта қалыптасқан рәсімдер мен күнделікті дәстүрлі әрекеттер |
| ас мәзірі | национальная кухня | Халықтың дәстүрлі тамақ түрлері |
| әшекей | украшение | Сәндік бұйымдар: зергерлік заттар, сәндік әдемі элементтер |
| тәрбие | воспитание | Адамға өнеге беру, дұрыс мінез-құлық қалыптастыру |
| тамыр | корень | Халықтың немесе адамның шығу тегі, рухани бастауы |
| құндылық | ценность | Маңызды, қадірлі рухани немесе мәдени ұғым |
Тапсырмалар
1-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріңіз
2-тапсырма. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз
Берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді табыңыз:
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1. Ұлттық салт-дәстүр нені білдіреді?
2. Мәдениет халыққа қандай қызмет атқарады?
3. Әр дәстүрдің мәні неде?
4. Мәтінде ұлттық мәдениеттің қандай көріністері аталған?
5. Дәстүр мен мәдениеттің ұрпақ үшін маңызы қандай?
4-тапсырма. Мәтіннің негізгі идеясын "4 сөйлем" әдісін қолдана отырып жазыңыз
5-тапсырма. Қажетті сөзді таңдап, сөйлемді толықтырыңыз
(дәстүр, мәдениет, рухани мұра, құрмет, дүниетаным)
Халық ________ арқылы өз тарихын ұрпаққа жеткізеді.
Әр ________ – адамға өмірлік сабақ береді.
Ұлттық құндылықтар – ата-бабадан қалған ___________.
Бір-біріне ________ көрсету – қазақ мәдениетінің негізі.
6-тапсырма. Берілген сөздерге қатысты перемиологиялық қор жинақтаңыз
(мақал-мәтел, нақыл сөз, тұрақты тіркестер т.б.). Ұлт, халық, ұрпақ, салт.
7-тапсырма. Берілген үзіндінің мазмұнын сақтай отырып қайта жазыңыз
Әр дәстүр – ұрпаққа рухани сабақ беретін өмір мектебі, әр салт – адамгершілік пен ізгілік жолының белгісі. Ұлттық мәдениет – тек сыртқы көріністер емес, ол адамның бойына сіңген мінез-құлық, тіл, өнер және әдет-ғұрыптың тұтас жүйесі. Қазақтың күйі мен термесі, ұлттық киімі мен әшекейі, ас мәзірі мен ойындары – бәрі халықтың өзіндік танымын, әлемді қабылдауын, өмірді бағалауын көрсетеді.
8-тапсырма. Мәтіндегі ойға сүйеніп, «Егер дәстүрлер жоғалса...» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыз
Қорытынды
Мәдениеттану ғылымымен экспрессивтік стилистиканың консолидациялануы қазақ тілі мен мәдениеттің өзара байланысын көрсетеді. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы, ұлттық киімдері, салт-дәстүрлері экспрессивтік стилистиканың құралдары арқылы терең мәдени ой-сезімдерді әсерлі жеткізген. Осылайша, мәдениеттану мен стилистика бір-бірін толықтырып, қазақ халқының мәдени мұрасының дамуына үлес қосады.